Өрт сөндірушілердің айтуынша, қайғылы оқиғаға сөндірілмей қалған темекі тұқылы себеп болған, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, атақты музыкант Владимир Кузьминнің ұлы 26 жастағы Степан Кузьмин өрттен қашамын деп, 18-ші қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен болатын.
Қайғылы оқиғаның куәгерлері, пәтер иесінің алдымен есік арқылы шығуға тырысқанын айтып отыр.
Қаза тапқан Степан Кузьмин бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына бірнеше рет іліккен адам болып шықты. Оған есірткіні заңсыз сатып алды және сақтады деген күдіктер келтірілген. С.Кузьминнің туыстары оны нашақорлықтан емдеуге тырысқан, бірақ ем нәтиже бермеген.
Бұл В.Кузьминнің отбасындағы екінші қайғылы оқиға - 2002 жылы оның қызы Елизаветаның өлтірілуі еді. Қылмыскер 19 жастағы бойжеткенді пәтерінде бауыздап кеткен. Милиция қанішерді тез ұстады, ол Е.Кузьминаның танысы болып шыққан.
В.Кузьмин - ресейлік танымал әнші және музыкант. «Карнавал» және «Динамик» сияқты рок-топтардың негізін қалаушылардың бірі.