Бұл туралы ІІМ өлкелік басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.
75 жастағы аңшының мүрдесін өлкенің Красноармейск ауданындағы Арму өзенінің маңынан қорықшы тапқан. Мәйіттің жанында жолбарыстың іздері болды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер қарттың қаза болу себептерін анықтауда, криминалистік сараптамалар тағайындалды.