Аңшылар жеке хайуанаттар бағынан қашқан арыстанды іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Тверь облысының орталығы Тверь қаласы маңында аңшылар жеке хайуанаттар бағынан қашқан арыстанды іздестіруде, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

"Ерлі зайыптылар Поддубье ауылының маңында жүргенде 150 метр жерден аңды көргенін айтты", - деді өңірдегі Каблуковский селолық мекенінің басшысы Дмитрий Керданов.

Сейсенбі күні, 7 тамызда белгісіз біреуден Каблуковский селолық мекенінде арыстанның жүргені туралы ақпар келіп түсті деп хабарлады, РФ ІІМ Тверь облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Вадим Левшин. Алайда іздестіру барысында мамандар аңның ізін таппады.

"Арыстанды Поддубье, Орша елді мекендерінде соңғы рет Эммаус кентінің маңында көрген", - деді аудандық ІІМБ.

Тамыздың 7-нен 8-не қараған түні аңшылар хайуанаттың ізін тапты.