АНТ өкілдері Қазалы жұртшылығымен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі мен Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ Қызылорда облысы Қазалы халқымен кездесті, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов жүргізіп отырған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Айсина, М.Махамбетов, А.Смағұлов, А.Ералиев және Н.Жұмаділдаева қатысты.
 

Халық қалаулылары басқосуда Елбасы Жолдауының жан-жақтылығын, өз кезегінде аталған маңызды құжат ел өмірінде ірі оқиға болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының әсіресе, әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше басымдық беріп отырғанын айтты.  

Айта кетейік, депутаттар бүгінгі кездесуде ауданның бірқатар білім саласының қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыс етті.