деп хабарлайды РБК агенттігі.
Дауылды жел жергілікті қонақүйлердің бірінің және іскерлік орталығының шатырын жұлып әкеткен. Зардап шеккен қонақүйдің атауы айтылған жоқ.
Зардап шеккендердің көпшілігі - Аланьяға демалуға келген Германия азаматтары екендігі атап өтілген. Жергілікті өкімет орындары өкілдерінің айтуынша, олардың бәріне қажетті дәрігерлік көмек көрсетілген.
Бұдан бұрын ауа райы жағдайына байланысты Түркияның батыс уәләяттары елеулі зардап шеккен болатын, оның ішінде Ыстамбұл ауданы да бар. Күшті су тасқынының салдарынан 30-дан астам адам қаза болды, ондаған үйлер қирады, көптеген автомобильдер теңізге ағып кетті. Зардап шеккен аудандардан кемінде 1 300 тұрғын көшірілді, ыстамбұлдық әуежайға жол уақытша жабылды.
Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, екі күннің ішінде Ыстамбұлға жауған нөсер жаңбыр бұл аймақтағы жартыжылдық нормаға тең болған.