Анталья қаласында туристер мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Түркияда туристердің қатысуымен тағы да жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Анталья қаласының провинциясында Ресей, сондай-ақ Иран, Израиль және Ұлыбританиядан келген туристер мінген автобус аударылып қалды.

Туристер рафтинг-орталыққа бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі тайғанақ жолда рулге ие бола алмай, көлік жыраға құлап кеткен. Автобус ішіндегі 25 адамның 15-і зардап шекті. Жаралы адамдар жақын жердегі ауруханаларға жеткізілген, олардың бірінің жағдайы өте ауыр.