Анталияда «Атыраулық» футболшылар «Петротресттен» жеңіліп қалды

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында «Атырау» футбол клубы Санкт-Петербордың «Петротрест» командасымен спарринг өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұл атыраулықтардың екінші, ал санкт-петорборлықтардың алғашқы ойыны болды. Атыраулықтар бұған дейін Қытай Суперлигасында өнер көрсететін Далянь қаласының «Далянь Шиде» командасымен 1:1 есебімен тең түскен еді.

Леонид Ткаченко жаттықтыратын «Петротрест» футбол командасы қазір Ресейдің Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Олар 2011/2012 жылғы маусымда Екінші дивизионың «Батыс» аймағында бірінші орын алған болатын.

Атыраулықтар алдағы уақытта тағы 2 спарринг өткізбек. Олардың қай командалар болатындығы әзірге құпия болып отыр.