Түркияның оңтүстік аймағында шектен тыс аптап ыстық орнады, елдің туристік астанасы Анталияда сенбі күні ауа температурасы - 45,4 градусқа дейін жетті, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Түркияның оңтүстік аймағындағы қазіргі ауа температурасы орташа мөлшерден 10-12 градусқа жоғары. Ауа райына болжамына сүйенсек, жексенбі күні Анталиядағы ауа температурасы 43 градусқа жетіп, дүйсенбіден бастап 35-37 градусқа төмендейді.