Анталияда шілде айында 67 мыңнан астам қазақстандық демалған
06:11, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында шілде айында 67 мыңнан астам қазақстандық демалған, деп жазады Анадолы агенттігі.
Анталия әуежайы әкімшілігінің мәліметтері бойынша, тек шілде айында ғана бұл қалаға 1 819 502 жолаушы келген. Олардың 684 415 ресейлік туристер.
Бұдан әрі шілде айында: Германиядан - 245 585, Украинадан - 139 151, Қазақстаннан - 67 706, Ұлыбританиядан- 57 758, Нидерландыдан- 49 859, Беларусьтан- 37 417, Бельгиядан- 34 066, Польшадан - 32 257 және Даниядан 31 372 адам келген.