Анталияда Түркия азаматы әйелін атып өлтіріп, екі сәбиіне у берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталияда Түркия азаматы өзінің орыс әйелі мен екі баласын өлтіріп, артынан өзіне өзі қол салды, деді Риа Новости агенттігіне берген сұхбатында ресейлік бас консулдық қызметкері.

Ол сонымен қатар қылмыстың тұрмыстық жанжалдың салдарынан орын алғандығын айтты.

Осыған дейін Түркияның БАҚ өкілдері Муаммер Гюннің баласы Виктор мен қызы Лейланың тәтті тағамдарына пестицид қосып бергендігін, артынан әйелі Аннаны атып өлтіргендігін хабарлады. Бұдан соң түрік полицияға хабар беріп, өзін де өлтірген.