Анталияда жарылыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Туристер арасында танымал Түркияның Анталия қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Анадолы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Анталия мен Кемерді жалғайтын автожол маңындағы балықшылар портында болған.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем жұмыс істеуде. Жарылыс себебі әлі анықталған жоқ.

Доган агенттігі портқа зымырандық шабуыл жасалғанын айтуда: таулы аймақтан жіберілген екі зымыран балық дүкендерінің біріне түскен.