Анталиядағы «Астана» мен «Говерла-Закарпатье» футбол командалары арасындағы жолдастық кездесу 0:2 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында соңғы оқу-жаттығу жиынында «Астана» футбол клубы Украинаның Бірінші лигасында ойнайтын «Говерла-Закарпатье» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

 Онда Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар ужгородтық қарсыластарына 0:2 есебімен есе жіберді. 1946 жылы негізі қаланған бұл команда 2011/12 жылғы маусымда турнир кестесінде 2-орында келе жатыр. Олар 2003/04, 2008/09 жылдары Бірінші лигада бірінші, ал 2000/01, 2006/07 жылдары екінші орын алған болатын. Ужгородтық  аяқдопшылар маусымаралық үзіліс кезіндегі бұл жиында бұған дейін Словакияның «Татран» (1:0), Арменияның  «Ширак» (2:0) және Өзбекстанның «Насаф» (1:0) командаларынан басым түскен еді. Ал астаналықтар 14-ақпан мен 1-наурыз аралығындағы бұл жиынында енді Румыния чемпионатында өнер көрсететін командалардың бірімен кездеспек.