Антарктида мұздықтарының еруі Нидерландының суға кетуіне қатер төндіруде

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Антарктида мұздықтарының еруі Нидерландының, сондай-ақ Бангладеш және Тувалу мемлекеттерінің суға кетуіне қатер төндіруде.

 Бұл туралы Огайо университеті ғалвымдарының зерттеулерінде айтылған, деп хабарлады РБК.

«Құрлықтың батыс бөлігіндегі мұз қабатында температура бұдан бұрын біз болжағаннан екі есе шапшаңырақ көтерілуде», деп атап өтілген климатологтардың баяндамасында. Бирд зерттеу стансасында 1950 жылдан бастап орта жылдық температура Цельсий бойынша 2,4 градусқа көтерілген. Антарктиданың батысындағы температураның көтерілу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден үш есе асып түскен.

БҰҰ сарапшылары тобы осы жүзжылдықта Әлемдік мұхит деңгейі 18 сантиметрден 59 сантиметрге дейін көтеріледі деп болжам жасауда. Егер мұздықтардың еруі шапшаңдаса, Әлемдік мұхит деңгейі өсімінің көрсеткіштері бұдан да жоғарылауы мүмкін.