Дубайда өткен COP28 жиыны қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Антарктидадағы еріген мұздықтар туралы айтты.
— Антарктиданы «ұйқыдағы алып» деп атайды. Және оны климаттық хаос оятады. Антарктикадағы теңіз мұзы рекордтық деңгейге жетті, — деді ол.
БҰҰ бас хатысы адамдардың өзара байланысты әлемде өмір сүріп жатқанын, сондай-ақ қазба отынының ластануы планетамызды қыздырып, Антарктидадағы климаттық анархияны тудыратынын тілге тиек етті. Ол әңгіме барысында Оңтүстік мұхит жаһандық жылынудан түсетін жылудың көп бөлігін сіңіретінін атап өтті.