Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институның (ААҒЗИ) ғалымдары Агрофизика ғылыми-зерттеу институты (АФИ) және РҒА құрлықтық Антарктиканың Восток станциясындағы Медициналық-биологиялық проблемалар институтының мамандарымен бірлесіп көкөністің рекордтық мол өнімін жинап, алғаш рет қияр өсірді. Бұл туралы тілшілерге институттың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жиылған қияр жемістерінің өнімі – бір шаршы метрден жылына 99 кг, оның сабағының ұзындығы 2 метрге жетті. Бұл нәтижені жағдайы жасалған, қосымша жарықтандырылған озық заманауи жылыжайлардан алынған өніммен салыстыруға болады немесе одан жоғары - мұнда сабағының ұзындығы 4 метрге жететін өсімдіктерден бір шаршы метр жерден жылына 90-213 келі өнім жиналады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, біз әзірлеген технология мен өсімдіктерді өсіру жүйесінің жоғары тиімділігін танытып отыр», - деп атап өтті жобаның жетекшісі, АФИ бөлім меңгерушісі Гаянэ Панова.
Восток станциясындағы ғалымдардың жұмысы бір шаршы метр аумақтан топырақсыз технологияны қолдану әдісімен екі жылыжайдан жылына 100 кг дейін қиыр, 29 кг қызанақ, 11 кг тәтті бұрыш және 149 кг орамжапырақ жинауға болатынын көрсетті.
Қазіргі кезде АФИ биополигонында орман жидектері – қарабүлдірген, көкжидек және қойбүлдірген өсіру технологиясын жетілдіруде. Сынақ нәтижелері сәтті өткен соң жаңа фитотехкешен-3 Восток станциясына жөнелтіледі.
«Қазіргі кезде Востоктың жаңа қыстау кешені салынып жатыр, оны 2024 жылдың басында тестілеу режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір жылдан соң ол пайдалануға берілмек. Жаңа станцияға қосымша ретінде жылыжай салынып, поляршылардың рационы жаңа піскен көкөністер, мүмкін тіпті жидектермен де толықтырылады», - деп баяндады ААҒЗИ директоры Александр Макаров.