Антарктидада температуралық рекорд тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Антарктидада метеобақылау тарихындағы ең жоғары температура - 18,3 градус жылылық тіркелді, деп хабарлайды The Guardian аргентиналық Эсперанс ғылыми-зерттеу стансасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Мұның алдындағы рекорд –плюс 17,5 градус 2015 жылғы наурызда тіркелген болатын.

The Guardian-ның атап өтуінше, Антарктидадағы жылымық әлемдегі орта көрсеткіштен едәуір жылдам өтуде. Тіпті аймақтағы мұздақтар түгелге жуық еріп жатыр.