Басылымның хабарлауынша, саяхатшы көмекке шақырған белгіні сапарының 71-ші күні жіберген. Оған саяхатшының ағзасында су мөлшерінің азайып кетуі, әлсіреуі себеп болған. Жұма күні 55 жастағы бұрынғы әскери қызметкер Уорслиді тікұшақпен Чилидің Пунта-Аренас қаласының ауруханасына жеткізді, онда оған бактериалық перитонит диагнозы қойылды. Ота жасалғанымен, жексенбі күні жиһанкез көз жұмды, деп хабарлайды британ басылымы.
Газет британдықтың сапары ауа райының жайсыз кезіне тап болғанын жазады, бұл кезде Антарктидада ауаның температурасы -44 градусқа дейін төмендеген.