Таяуда алынған мәліметтерді 1978-2014 жылдар аралығындағы 37 жылдық зерттеулермен салыстырды. Бәрінен де мұздың аздығы Лаптев, Беринг, Шығыс Сібір, Чукотка және Охотский теңіздерінде болып отыр, деп хабарлады Svopi порталы.
Антарктикада мүлде басқа жағдай қалыптасқан. Онда мұздардың көлемі 19,4 млн. шаршы шақырымды құрайды, ол орташа көпжылдық көрсеткіштен 5,1 пайызға артық.