18:38, 18 Сәуір 2009
Антарктикаға туристер үшін квота енгізіледі
МӘСКЕУ. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат – Антарктикаға туристердің баруы шектеледі. Бұл шара құрлықтың экологиясын сақтау қажеттігінен туындап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Америка Құрама Штаттары осындай ұсыныс жасады және оны 28 мемлекет қолдады.Шектеу Антарктика жағалауына аялдаған круиздік сапар шеккен кемелердің көлеміне, жағаға шығатын жолаушылар санына да қатысты болмақ. Жаңа ережелер бойынша құрлық жағалауына бортында 500-ден астам жолаушылары бар кемелер тоқтай алмайды, жағаға шығатын туристер саны жүзден аспауы тиіс.