Компания алдағы жылдары технология іс жүзінде адамның араласуынсыз жақсара алатын деңгейге жетуі мүмкін деп санайды, деп жазды DW.
Бұл ескерту Anthropic-тің нарықтық құны 965 млрд долларға жеткеннен кейін жасалды.
Жарияланған мәлімдемеде жасанды интеллекттің даму қарқыны өте жылдам болып қала беретіні айтылған. Anthropic бағалауынша, 2027 жылға қарай ЖИ жүйелері күрделі тапсырмаларды бірнеше сағат немесе күн ішінде орындай алады, ал адамдарға оған бірнеше апта қажет.
Компания технологиялық жетістіктердің ықтимал әсерін бағалау және қауіпсіздік тетіктерін әзірлеу үшін әлемге қосымша уақыт қажет деп санайды. Егер осы технологияның дамуын баяулатудың және онымен байланысты мәселелерді шешуге көбірек уақыт бөлудің тиімді жолы болса, бұл пайдалы болар еді, деп мәлімдеді Anthropic өкілдері.
Компания жасанды интеллекттің дамуын қаруландыруды бақылау мәселелерімен салыстырды. Claude әзірлеушілерінің пікірінше, әртүрлі елдердегі ірі зерттеу орталықтары бірдей шарттарда өз жұмыстарын уақытша шектеу туралы келісе алады.
Бұл ретте Anthropic АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсекелестікке байланысты мұндай бастаманы жүзеге асыру қиын болатынын мойындады.
Кейбір сарапшылар мұндай мәлімдемелерге күмәнмен қарайды. Британдық The Daily Telegraph газеті сарапшыларға сілтеме жасай отырып Anthropic компаниясы ЖИ-дың даму жылдамдығын асыра сілтеп көрсетуі мүмкін деп жазды. Олардың пікірінше, мұндай ескертулер саланы реттеуге әсер етуі және компанияның бәсекелестері үшін қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін.
Осыған дейін Anthropic ЖИ саласындағы ең қымбат стартапқа айналғанын жаздық.
Компания соңғы қаржыландыру кезеңінде 65 млрд доллар жинап, нәтижесінде құны 965 млрд долларға артты.