Антигуа тұрғындары Обаманың құрметіне тауды атады

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Кариб теңізіндегі Антигуа және Барбуда мемлекетінің екі аралының бірі - Антигуадағы Богги деп аталатын ең биік тау АҚШ президенті Барак Обаманың құрметіне аталатын болды,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Арал тұрғындары  АҚШ-тың   тұңғыш қара нәсілді  президентіне  деген құрметтерінің белгісі ретінде   әлгі таудың атын   өзгерту  туралы  шешім  қабылдап отыр. Таудың етегіне  «Обама тауы, Барак Хусейн  Обама АҚШ-тың  тұңғыш қара нәсілді   президенті атанған 2008   жылғы  қарашаның  4-індегі  тарихи    сайлаудың  құрметіне.  Шын жүректен»  деген     жазуы  бар  тас  монумент  орнатылған.   Таудың аты   Обаманың туған  күні - тамыздың 4-інде    өзгертіліп отыр.