Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасын тергеп жатыр

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин тергеуге алынды. 

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын растайды», - делінген агенттік хабарламасында.