«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдемелер күдікті О.Тоқтаровтың әрекеттерін ҚР ҚК 28-б. 3-б., 189-б. 4-б. 2-т. және 189-б. 4-б. 2-т. бойынша саралауға мүмкіндік берді.
ҚР ҚПК-нің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады», — деп мәлімдеді Антикордан.
Алайда, күдікті О.Тоқтаровтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
«Күдікті О.Тоқтаровқа жауап алу және іс-әрекеттердің саралануы туралы қаулыны жариялау үшін 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11:00–де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, „Б“ блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет.
Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушысының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы», — делінген ақпаратта.
Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді.