- Іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Қожағапанов мердігер ұйымның басшысымен бірге сотқа берілді, яғни сотта қарау іс-шаралары жалғасып жатыр. Бұл ретте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру мәселесі бар, - деді Д. Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, іс бойынша келтірілген шығын сомасы өзгерген жоқ және бір миллиард теңгеден асады.
Еске салсақ, 2024 жылы 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.