Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінен хабарлады.
«Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері болған жағдайда, сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар тарапынан тыйым салу-шектеу сипатындағы өзге де шараларды қабылдау мәселелері бола қалған жағдайда біздің мекеме қызметкерлері тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Мысал үшін департамент „Бизнеске жол“ жобасын іске асыру шеңберінде биылғы жылдың екінші тоқсанында өңір кәсіпкерлерінің жалпы сомасы 167 млн теңге шығынының алдын алды. Мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде 13 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кәсіпкер алдындағы міндеттемелерін орындауы қамтамасыз етілді», - деп мәлімдеді антикор қызметінен.
Мәселен, департаментке мектепке дейінгі 13 білім беру ұйымы күзет агенттігіне 6 755 787 теңге қарыз болып отырғаны туралы антикор еріктіілерінен шағым түскен. Ал салыстыру актінде өзара есептесулер толық көлемде жасалып қойғаны көрсетілген. Антикордың араласуымен мәселе шешілді.
Еске сала кетейік, еліміздің әлеуметтік саласында 95 жемқорлық қылмыс тіркелген.