«QazaqGaz басшылары мен қызметкерлері ұсталды делінген ақпарат тарап жатыр. Бағынышты ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалану мүмкіндігі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу шаралары қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ешкім ұсталған жоқ, ешкімге айып тағылмады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ол брифингте.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның мұнай және газ кеңесі 21 қарашада QazaqGaz жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінтіп, ұстап жатқанын хабарлаған еді.
Айтуынша, орталық аппарат басшысы мен «ҚазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС еншілес компаниясының басшысы мән-жай анықталғанша қамауға алынған.
Алайда олардың ұсталғанын Антикор жоққа шығарды.