«Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оған бағынысты қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіндегі тергеуге қатысып, кейін суицид жасағаны жайлы ақпарат пайда болды. Бұл факті бізге мәлім», — деді ресми өкіл.
Арман Тілеукенов аталмыш қызметкердің істе куәгер ретінде түсінік бергенін атап өтті.
«Мәселе мынада, ол жайында хабардармыз. Іске ол куәгер ретінде қатысқан. Тергеуге барынша атсалысты. Оған қарсы процессуалды мәжбүрлеу шарасы қолданылған жоқ. Облыс аумағында еркін жүріп-тұра алатын. Қазіргі таңда полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді агенттіктің ресми өкілі.