Антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін «Казкоммерцбанк» АҚ-ға 2,5 млн. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігі «Казкоммерцбанк» АҚ-дан антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2,5 млн. теңге айыппұл төлету туралы бұйрық шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Анитмонополиялық агенттіктегілердің атап өтуінше, заңбұзушылықтар «АРМ-Д» ЖШС арызы бойынша өткізілген тексеріс барысында анықталған. «АРМ-Д» ЖШС арызы бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ несие келісімшарттарының №2 қосымшасында қарыз алушыға барлық кассалық есеп айырысу операцияларын тек қана банк арқылы жүзеге асыру керектігін міндеттеген. Банкке қарызы жайлы несие алушының барлық кассалық есеп операцияларын ауыстыру шарттары қарызгердің басқа банктерде банк есебін ашу құқығын шектейді, ал онда тұтынушы үшін тиімді қызмет көрсету шарттары жасалуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.

Соның ішінде, қосымша талаптарды орындату арқылы несие беру, сонымен қатар, клиенттің келісілген келісімшарттардан бас тартуына мәжбүрлеуге ҚР антимонополиялық заңнамасында тыйым салынған.