Оның айтуынша, бүгін басталатын халықаралық форумда тиімді мемлекеттік басқару, инфрақұрылым, инновациялар мен жемқорлықпен күрес сияқты мәселелер білікті мамандардың талқысына түспек.
«Астана экономикалық форумы тек Қазақстан немесе осы аймақтың ғана емес, сонымен қатар әлем елдеріне де қатысты ең маңызды түйткілдер кеңінен талқыланатын алаңға айналғаны ақиқат. Форум аясында экономика, даму бойынша өзекті мәселелер ортаға салынады. Аталған жиын барысында өтпелі кезеңдегі немесе дамып келе жатқан экономикалардың бағыт-бағдарын талқылаумен қатар, анағұрлым дамыған елдердің жай-күйі де ортаға салынады», - деді ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарлама басшысы Антонио Сомма.