Антониу Гутерриш астанадағы Діндер съезі қатысушыларына үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Үкіметіне мемлекет қайраткерлері мен көрнекті дін лидерлерінің қатысуымен өтетін осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Біз дін қайраткерлері ар-ождан дауысы мен рухани беделін өзара құрмет, жанашырлық пен бірлікті көтермелеуге, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге әртүрлілікті байлық ретінде тануға, бір-бірімен және болашақ ұрпақтармен ынтымақтасуға пайдаланады деп сенеміз. Осы қиын-қыстау кезеңдерде бізге бұрынғыдан да көп рух қажет», - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Оның атап өтуінше, әлем соғыстар мен қақтығыстарға, төтенше гуманитарлық жағдайларға, экологиялық дағдарыстарға, аштық пен кедейлікке толып тұр. Діни айырмашылықтарға негізделген жеккөрушілік пікірлер мен кемсітушілік белең ала түскен.

«Мен діни жетекшілерден өз қауымдастықтары арасындағы бейзорлықты көтермелеуді және ксенофобияны, нәсілшілдікті, толеранттылықты бұзудың барлық нормаларын қабылдамауды өтінемін», - деді Антониу Гутерриш.


Видеодан алынған кадр