Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары берген соңғы деректерге сәйкес, Антрактидада құс тұмауының H11N2 жаңа негізі пайда болған.
Зерттеушілер оны 301 құстың кеңірдегінен шырыш үлгілерін алған кезде тапқан. Бұдан басқа, олар Антрактидада мекен ететін 270 пингвиннен қан алып, тексерген.
Ғалымдардың айтуынша, тұмаудың жаңа негізінің адамдарға еш қаупі жоқ. Алайда, бұл тұмаудың табиғат жағдайы қатаң шеткері аймақта пайда болғанын ескерсек, онда адамдарға қауіп төндіретін вирустардың пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді.