Француз футболшысы 2022 жылға келісімге қол қойған деген дерек бар. Бірақ шарттың жаңа талаптары жарияланбайды. Сондай-ақ, оның жалақысы көбейген.
2016 жылы ФИФА «Атлетико» клубына 18 жасқа толмаған ойыншыларды командаға шектен тыс тіркегені үшін ойыншы сатып алуға тыйым салған еді. Сондықтан да Диего Симеонеге қазір шабуылшы ауадай қажет.
Айта кетейік, 26 жастағы Антуан Гризманн «Атлетикода» 2014 жылдан бері ойнап келеді. Өткен жылы ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осыған дейін ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасына ауысып кетуі мүмкін екені айтылып келген еді.