Антверпен интернациональдық қала күнінде Бельгиядағы қазақ диаспорасы халықтың мәдениеті мен дәстүрін таныстырды

None
БРЮССЕЛЬ - АНТВЕРПЕН. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Антверпен интернациональдық қала күнінің құрметіне ашық аспан астында өткен мерекеде елде тұратын басқа да ұлт өкілдерімен бірге Бельгиядағы қазақ диаспорасы өз мәдениеті мен дәстүрін паш етті.

Белгия қазақтарының «Шаңырақ» ұйымының жетекшісі Ақмарал Әмірқұлова атап өткендей, Антверпен қаласы әртүрлі ұлт өкілдері көп тұратын қалалардың бірі болып табылады (200-ден астам ұлт).

«Бүгін біз Бельгияда тұратын қазақтармен және Нидерландыдан келген қонақтармен бірге жұртшылыққа біздің ұлттық киімдерімізді көрсетіп, ұлттық тағамдарымыздан дәм татырдық, қазақ әндерін шырқап, ұлттық би биледік», - деді А.Әмірқұлова.