Антверпен орталығы Трампқа 321 гауһар тасы бар жүзік сыйлады

АСТАНА.KAZINFORM — Антверпен әлемдік гауһар орталығы (AWDC) АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа 321 табиғи гауһар тасты алтын жүзік сыйлады, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: linkedin / @Antwerp World Diamond Centre

Сақина Бельгиядағы АҚШ елшісі Билл Уайтқа берілді.

AWDC Facebook-те сақинаның алтыннан жасалғанын және 321 табиғи гауһар тастармен және 75 басқа да бағалы тастармен безендірілгенін жазған.

— АҚШ қаншама жылдар бойы біздің негізгі сауда серіктесіміз болды. Антверпенде сатылатын табиғи гауһар тастардың көпшілігін АҚШ сатып алушылары алады. Біз бұл жүзіктің тығыз экономикалық қарым-қатынасымыздың символына айналуын қалаймыз, — деп атап өтті Антверпен зергерлері.

Олар жүзікті жасауда тек табиғи гауһар тастар пайдаланылғанын ерекше атап өтті.

— Табиғи және жасанды гауһар тастарды жай көзбен ажырату мүмкін емес, бірақ олардың бірегейлігі, құндылығы және мәртебесі сапа жағынан әртүрлі, — делінген орталық мәлімдемесінде.