Әнуар Садықұлов ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.