Әнуар Сәйденов, Игорь Мажинов және Нұргүл Ертаева «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді
20:27, 04 Желтоқсан 2012
АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Bank RBK» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында
Директорлар кеңесі құрамындағы бірқатар өзгерістер мен банктің бірлескен құжаттарының жаңа редакциясы мақұлданды, деп хабарлайды «Bank RBK» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Осылайша, Директорлар кеңесінің құрамына үш жаңа мүше сайланды: Әнуар Сәйденов пен Нұргүл Ертаева тәуелсіз директорлар, ал Игорь Мажинов акционерлердің өкілі ретінде. Жиналыс шешімі бойынша тәуелсіз директор Джулиан Дэвид Шарптың өкілдігі тоқтатылды.