Анықталған ақаудың салдарынан АҚШ-та жүз долларлық банкноттардың шығарылымы тоқтатылды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ жаңа үлгідегі жүз долларлық банкноттар басатын станоктардың жұмыстарын уақытша тоқтатты, себебі өндіріс технологиясынан ақау табылған. Жалпы есеппен, 110 миллиард доллар соманың 1 миллиардтан астам жаңа купюрасы басып шығарылған.

Бірақ, кейіннен анықталғандай, олардың шамамен 30 пайызының бір беті нашар басылған болып шықты. Сондықтан да оларды айналымға енгізу мүмкін болмай отыр. Сапасыз басылған ақшаларды іріктеу өте қиын процесс, себебі тасымалдау кезінде олар араласып кеткен, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.