Кем дегенде 14 адам өлтірілді, деп хабарлады елдің батысында орналасқан Колорадо штатындағы Денвер қаласының полициясы, деп жазды Би-Би-Си.
10 адам кинотеатрда болған атыстан қаза болды, тағы да төрт адам ауыр жарақат алғандарына байланысты жергілікті ауруханаларда көз жұмды. «Швед медицина орталығының» ауруханасы таратқан мәліметтерге қарағанда, медициналық емханаға қарудан жарақаттанғандар, оның ішінде ауыр жарақат алғандар келіп түсуде.
Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем көлігі келіп, қажетті көмек көрсетуде. Кейбір мәліметтерге зер салсақ, 50-ден астам жарақаттанған.
Полиция автотұрақта қолына мылтық пен қару ұстаған күдіктілердің бірін ұстады. Ол полицияға үйінде жарылғыш заты бар екендігін хабарлаған. Жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкері мәлім еткендей, ұсталған күдікті небәрі 20 жаста.
Полиция шефі Дэн Оутсь журналистерге айтып бергендей, күдіктінің жасаған мәлімдемесіне орай қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан көпқабатты үй полициямен қоршауға алынды. Оның тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күдіктінің үйінде тінту жұмыстары жүріп жатыр.