АӨК дамыту үшін жоғары білікті мамандар қажет
АСТАНА. KAZINFORM – «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада «тігінен интеграцияланған Агротехнологиялық хаб» құру, агрономияны дамыту, ауыл шаруашылығына жоғары технологияларды енгізу міндетін қойды.
Осы мақсатта қазір ілкімді істер мен келелі кеңестер кестеленіп жатыр. маманЕлдегі алдыңғы қатарлы ЖОО агро секторды дамыту үшін сапалы кадр даярлығына білек сыбана кіріскен.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру үшін елге білікті кадрлар қажет. Сондықтан елдегі агро салаға керекті мамандарды даярлайтын ЖОО-ы білім беру бағдарламаларына өзгеріс енгізіп жатыр. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті сол тізімде», - дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.
АӨК-дегі реформалар үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлар қажет.
«Университетте ЖОО-ны дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Аграрлық бағыттағы жетекші жоғары оқу орны ретінде біздің университет саяси, экономикалық, демографиялық, технологиялық факторларды ескере отырып, «кадрларды озық даярлау» қағидаты бойынша жұмыс істейді» – деп атап өтті Қанат Тіреуов.
Университет ректорының сөзінше, аталған білім ордасы өткен жылдан бастап жобалық басқарудың халықаралық стандарттарын қолдана отырып, әлемдік деңгейдегі университетке айналу процесін бастап кеткен. Тіпті, орта мерзімді перспективада әлемнің үздік 500 ЖОО-ның қатарына кіру міндетін қойған. Бұл ауыл шаруашылығы және онымен байланысты салалар үшін элиталық кадрларды шығару ісіне ықпалын тигізеді.
«Біз білікті мамандардың жаңа легін даярлауға кірістік. Халықаралық деңгейге көтерілу үшін 135 шетелдік университеттермен келісім жасадық. Бұл ЖОО Америка, Еуропа, Оңтүстік-шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірлеріндегі атақты білім ордалары. Бұған осы біз қосымша 5 білім беру бағдарламаларын енгіздік. Олар: «Агробиотехнология», «жерге орналастыру және кадастр», «заманауи Ландшафттық сәулет және қалалық орта дизайны», «Аграрлық бизнес», «Ветеринария» салалары», - дейді профессор.
Қазір ауылшаруашылығы мамандарының тең жартысын Қазақстандағы үш бірдей жоғары оқу орыны оқытады. Бұдан бөлек, елдің 20 өңірінде колледждер мен орта біліп беру ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ, аграрлық салада кәсібінен нәсіп тауып отырған бизнесмендер жас мамандарға тәжірибе жетіпейтінін алға тартады,-дейді Қанат Тіреуов.
Спикер оның бірнеше себебі бар екенін де тілге тиек етті. Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің озық технологияларды игерудегі мүмкіндіктері шектеулі, университеттердің ескірген материалдық-техникалық базасы, Практикалық оқытудың жеткіліксіз көлемі. Бұған жалақының төмендігі, дамымаған инфрақұрылым, қиын еңбек жағдайлары салдарынан түлектердің ауылдық жерлерде жұмысқа орналасуға деген қызығушылығының төмендігін қосуға болатынын да айтты.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ