АӨК саласында субсидиялар қолжетімді несиемен алмастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар қолжетімді несиемен алмастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті.

«Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырудың екінші кезеңі аясында субсидиядан қолжетімді несиелеуге көшу мәселесі күн тәртібінде тұр. Несиемен ауыстыру үшін алдын ала субсидияның 15 түрі айқындалды. Сонымен бірге жыл сайын 24 млрд теңге қаржыландыруға қайта бөлінеді. Жақын арада бұл ұсыныс министрліктердің, «Атамекен» палатасы және өңірлердің алаңдарында талқыланады», - деп түсіндірді Қ. Айтуғанов.

Еске сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі проблемаларды шешу үшін тиісті карталар әзірленгенін хабарлаған болатынбыз.