Өтінімдер Жамбыл (44), Шығыс Қазақстан (20), Қарағанды (19), Оңтүстік Қазақстан (17), Ақмола (12), Павлодар (5), Қостанай (4) облыстары бойынша мақұлданған, деп хабарлады «Қазагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметінен.
Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардың жалпы құны 10 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды. Бүгінгі таңда бұл жобалар аясында 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Бұл жобалардың неғұрлым көп бөлігі етті бағыттағы ірі қара мал өсіретін шаруашылықтарды техникамен жабдықтау (45 жоба), суару жүйелерін - жаңбырлату мен тамшылатып суаруды енгізу (25 жоба), мал басы 600 саулықтан кем емес шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыруға (23 жоба) тиесілі.
Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылды. Себебі инвестициялық субсидиялау бағдарламасының шарттары бойынша бағдарламаға тек биылғы жылы іске қосылған жобалар қатыса алады.
Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.