«Форум географиясының кеңеюі оның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттырды. Бүгін АӨСШК - Азия аумағындағы 35 мемлекет пен ғаламшарымыздың тең жартысындағы халықтарды біріктірген беделді де көпжақты құрылымға айналды»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы АӨСШК-ны құру бастамасы Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті.
«1992 жылғы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-да Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы ұсынысы ғаламшарымыздың тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашып, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторына айналды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.