«АӨСШК-тің Қазақстандағы Хатшылығы жуық арада Алматыдан Астанаға көшіріледі. Біз оны осы жаздың соңына қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, жазғы демалыстарда барлық көші-қон мәселелерін шешіп, осында, Астанада қыркүйек айында тұсаукесер өткіземіз», - деді ол.
Е. Ашықбаевтың айтуынша, хатшылыққа жаңа жетекші - қытайлық дипломат тағайындалған. Ол Астанада өтетін хатшылықтың арнайы сессиясына қатысып, ҚХР өзінің АӨСШК-ке төрағалығы барысында жүзеге асыруды жоспарлап отырған басымдықтар бағдарламасымен танысады.
Айта кетейік, 20-21 мамырда Шанхай қаласында өткен 4-ші Саммит кезінде Азия кеңесіне Катар мен Бангладеш толыққанды мүше болып қабылданды. Осылайша аталмыш форумға мүше мемлекеттер пен халықаралық ұйымдардың саны 47-ге жетті. Форум көлемі жағынан Азия құрлығының 90 пайызға жуығын, шер шары халқының жартысына таяуын, яғни 3 млрд-тан астам адамды қамтыды.