деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл отырыстың басты мақсаты - Ыстамбұлда өтетін АӨСШК елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының ІІІ саммитіне дайындық және оны өткізу мәселелерін талқылау. Онда Саммиттің 2 қорытынды құжаты қабылданды. Біріншісі, Саммитің саяси декларациясы, екіншісі - АӨСШК басшылығының, персоналының және мүше мемлекет өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары. Оның айтуынша, Ыстамбұлдағы ерекше Саммит болмақ. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан екі ірі ұйымға ЕҚЫҰ мен АӨСШК-ке төрағалық етіп жатыр. Биыл АӨСШК төрағалығын Түркияға өткіземіз. Оның аясында Азиядағы ЕЫҚҰ әріптестеріне арналған арнайы іс-шара жоспарлануда. Ол «ХХІ ғасырдағы Еуразия аумағындағы экономикалық және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» деген тақырыппен өтеді.