Апат медицинасының қызметкерлері Елбасы Жолдауын қолдайды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Төтенше жағдайлар министрлігі «Апат медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы филиалында Елбасының биылғы Жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті,

деп хабарлайдыТЖД баспасөз қызметінің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Айгүл Нұрманова.

Жиында қызметкерлер Жолдау жолдарында айтылған нақтылы тапсырмалар жайында сөз қозғады. Ал филиал бастығы Ә.Сүлейменова: «Жолдаудың маңыздылығы мен мазмұндылығын және Президенттің ел денсаулығына аса мән беріп отырғандығы, 2015 жылға дейін Үкіметке санитарлық авиация үшін 16 тікұшақ ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді тапсырып отырғандығы көңіл қуантады және осы жолда біздің ең басты байлығымыз - берекелі бірлігіміз» деп жиынды қорытты.

Осындай жиын «ӨСжАҚЖ» ММ Қызылорда облысы қалалық, аудандық бөлімдерінде де өтті.