Апат орнынан бой тасалаған атыраулық 30 тәулікке тұтқындалды
08:32, 08 Желтоқсан 2015
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында ЖКО-ға себепкер бола тұра, апат орнынан ізін суытқан жүргізуші 30 тәулікке тұтқындалды.
«Көлік басқаруға құқығы жоқ Исатай ауданының тұрғыны «Ауди» машинасымен Аққыстау кентінде көпір қоршауын бұзып өтті. Көлікті сол жерде қалдырған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оның кім екенін анықталған соң ұсталып, сот алдында жауап берді. Исатай ауданық сотының қаулысымен жүргізушіні 30 тәулікке тұтқындау шешімі қабылданды», - деп мәлімдеді өңірдің ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұқтарова.