Апат салдарынан «Астрахан-Маңғыстау» су таратқышының жұмысы тоқтатылды
17:35, 06 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ «Астрахан-Маңғыстау» су таратқышы жұмысының тоқтатылғаны туралы хабарлады.
«2015 жылдың 5 тамызында сағат 3:20-да «Астрахан-Маңғыстау» магистралды су таратқышы желілік бөлігінің 455,5-шақырымында су кетуінің себебімен тоқтатылды», - деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайтынан.
Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» магистралды су таратқышының жұмысын тезірек қалпына келтіру бойынша шаралар қолға алынғаны атап өтілген.