Апат салдарынан Әзербайжан Түркияға газ тасымалын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баку маңындағы Сангачал мұнай-газ терминалындағы апат салдарынан Әзербайжан Түркияға газ жіберуді тоқтатты.

Дегенмен, бүгін терминалдың жұмысы қалыпты тәртіпте жұмыс істейді деп күтілуде.

Әзербайжанның «көгілдір отыны» Түркияға Оңтүстік Кавказ газ құбыры (Баку-Тбилиси-Эрзурум) бойынша Каспийдегі «Шахдениз» газконденсат кен орнынан тасымалданады.

Келісімшартқа сәйкес, кен өндірудің бірінші кезеңі аясында Түркия 6,6 млрд. текше метр, ал екінші кезеңде тағы 6 млрд. текше метр газ алады.