Олардың айтуынша, қазір әуежайда Бішкек-Мәскеу, Бішкек-Ыстанбұл, Бішкек-Үрімжі және Бішкек-Астана бағыттары бойынша жолаушылар отыр. Бішкек-Ыстанбұл рейсі кейінге қалдырылды, қалғандары 20.00-ге дейін бөгеледі.
Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Апат салдарынан 31 адам қаза тапты. Оның ішінде 4 ұшқыш бар. Апат салдарынан Бішкек-Астана рейсі кейінге қалдырылды.