деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше, Шымкентте жер қазу жұмыстары барысында диаметрі 76 мм-лік орташа қысымды газ құбыры зақымданды. Апат орын алған учаске газбен қамтамасыз етуден ажыратылды. Соның салдарынан 9 ШРБ, 1 коммуналдық кәсіпорын және тұрғын жайдың 1774 абоненті газсыз қалды.
Төтенше жағдайдың алдын алуға «ҚазТрансАймақ» АҚ-ның 28 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.